Шымкент: Абай ауданында тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған игі істер атқарылуда

Абай ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

«Таза Өлке», «Киелі Мекен», «Өнегелі Ұрпақ», «Жасыл Аймақ» және «Мөлдір Бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазаланған аймақтар: Асар, Шымсити, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар, Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Бәйдібек би даңғылы, А-2 тас жолы, Қошқар ата өзені және жалғызілікті қариялардың үй аулалары.

Тазалық жұмыстарының қатарында аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету де назардан тыс қалмады. Аз қамтылған отбасылар, мүгедек күтушілері, қолайсыз отбасылар, тыл ардагерлері және пробация есебінде тұрған азаматтарға демеушілер есебінен 659-дан астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

Абай ауданында атқарылған осы шаралар тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Тазалық пен әлеуметтік көмектің осы ауқымды жобалары аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруге мүмкіндік беруде.

Абай ауданында инфрақұрылымды дамыту да қарқынды жүруде. Халықтың қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін аудандардағы инфрақұрылым бір жолға қойылуы керек. Өйткені ол – экономиканың негізгі тетіктерінің бірі. Инфрақұрылымды арттыру үшін өңірде ауқымды шаралар қабылданып, қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Газдандыру мен кәріз жүйесі кеңейіп келеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы аудандағы инфрақұрылымдық даму туралы баяндады. Әкімнің мәліметінше, қазіргі таңда аудан аумағындағы 27 елді мекенде 257,7 мың халық тұрады, олар 55 159 жеке үй және 220 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтиды. Сонымен қатар, ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан бар.

Ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейі толықтай 100%-ға жеткен.

Аудандағы 23 елді мекен табиғи газбен қамтылған, бұл 85,2%-ды құрайды. Тағы 4 елді мекенде газ жүйесінің құрылысы жүргізілуде, олардың ішінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайы, Ынтымақ-2 шағын ауданы, және Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабы бар. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Абай ауданында 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ.

Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin