Шымкент: Абай ауданында 200-ден аса аула абаттандырылған

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында көп қабатты 222 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Бұхарбай Парманов баяндады.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында көпқабатты 222 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Бұхарбай Парманов баяндады, деп хабарлайды  anyq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Бүгінгі таңға дейін 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынған. Ал бұл жылы 107 аулаға ойын алаңшаларын орнатуға, 6 спорт алаңшасын салуға, 24 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлінген.
Одан өзге, алдағы уақытта 36 көпқабатты тұрғын үй ауласы абаттандырылып, жаңадан 42 спорт алаңшасы салынады. Сондай-ақ, тозығы жеткен 18 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілмек.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.