Шымкент: Алдағы уақытта 312 көше жарықтандырылады

Шымкентте көшелерді жарықтандыру жобасы жалғасуда. Нәтижесінде қаламызда алдағы уақытта 312 көше жарықтандырылады,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Президент тапсырмасына сәйкес, халыққа қолайлы қала қалыптастыру жұмыстары аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестікпен «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылып жатыр.

Осыған орай, Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаев, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Алмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат көшелерін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2021–2023 жылдары жоба аясында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін 312 көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтар болсақ, 2021 жылы 104 көше, 2022 жылы 102 көше, ал 2023 жылы 106 көшеге жарықшамдар орнатылатын болады. Осының нәтижесінде мегаполистегі көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жетеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мегаполистегі 228 көше, 8 саябақ пен 32 гүлзарда және 1026 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы 43 016 көше шамдарына техникалық күтім жасалып жатыр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.