Шымкент: Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта веложолдар салынбақ

Шымкенттегі дендоролиялық саябақ күннен-күнге көркеюде.


Төтенше жағдай режимінен соң қайта ашылған демалыс орнының кіре берістегі негізгі қақпасы жаңаланып, баспалдақтар пайда болған. Қайта жөндеу жұмыстары саябақтың ішкі аумағында да жүргізілмек. Дендросаябағында жасыл желектің қатары толығады. Өйткені мұнда суару жүйесі жаңаланбақ. Сонымен қатар, демалыс аймағы толық жарықтандырылады.

Демалушыларды ағаштар мен бұтақтардың сан алуан түрі қарсы алуда. Біздің климатты жерсінбеген қызыл үйеңкі , ақ қайың, шаһардағы жалғыз ерекше қызғалдақ ағашы да осында. Жақында ғана сирек кездесетін гүлдерді де отырғызыпты. Саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Төтенше жағдай режимі кезінде уақытша жабылған демалыс орнының қайта ашылуына тағатсыздана күткен тұрғындар өз ұсыныстарын да жеткізді.

«Тағы бір жүгіретін жол болса екен. Саябақта жақсы болып қалған, үнемі демалуға келеміз. Веложолды ұзартса, керемет болатын еді» дейді тұрғындар.

Жоспар бойынша саябақта тағы бір жүгіретін жол салынбақ. Бұдан бөлек, ұзындығы 6 жарым шақырымды құрайтын веложол да пайда болады. Демалыс аймағында әжетханалардың қатары да толықпақ.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.