Шымкент: Базар жастарының арасында футболдан турнир өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен базар жастарының арасында «Дүйсенбілік футбол» жобасы аясында «Базар жастар лигасы» турнирі өтті.


Жобаның мақсаты базар жастарын спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Базар жастар лигасына қатысуға Шымкент қаласындағы базарлардан өтінімдер келіп, 60 жастан тұратын 6 команда жасақталды. Атап айтқанда Барыс, Тұлпар, Авто-Нұр, Самал, Орталық қырғы және Жібек-жолы базарлары командалары.

Жеңімпаз командаларға қызығушылығын арттыру мақсатында 1- орынға 100 000 теңге, 2 – орынға 60 000, 3 – 30 000 теңге көлемінде демеушілердің қолдауымен қаржылай сыйлықтар табысталады.

Турнир нәтижесі бойынша:

«Барыс» базары

«Тулпар» базары

«Самал» базары

«Авто нур» базары

«Кыргы» базары

Сонымен қатар турнир 2021 жылдың 22 қарашасына дейін 6 базар өзара бекітілген кестеге сәйкес жарысатын болады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.