Шымкент: Балалар ауруханасына өкпені желдету аппараты жеткізілді

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен өкпе желдету аппараты орнатылды.


Жаңа қондырғыны Дүниежүзілік Банк өз есебінен гуманитарлы көмек ретінде жеткізіп берген.

«HAMILTON -G5» жасанды өкпені желдету аппаратын дәрігерлер жансақтау бөліміндегі науқастарды емдеу үшін қолданбақ.

Қазіргі талаптарға сай заманауи аппарат ауыр респираторлық ауытқуы бар науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал-жабдық болып есептеледі дейді мамандар.

Айта кетейік, қаладағы медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық базаны толық қамтамасыз ету үшін 88 ИВЛ аппараты сатып алынады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 156 ИВЛ аппараты жеткізілді, қазіргі уақытта инсталляция жасалып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін де қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.

Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір  өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Hi there! Do you know if they make any plugins to help with SEO?
    I’m trying to get my website to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good gains.
    If you know of any please share. Thanks! You can read
    similar blog here: GSA List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.