
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөнінідегі басқарма басшысының орынбасары Әбілхаиров Серғазы Кәрімұлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде Серғазы Кәрімұлы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуында жеткізген нәтижелер мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстың жоспарларын талқылады. Сондай-ақ қаламыздағы шалғай орналасқан елді мекен жұмыстарын жандыру қажеттігін жеткізіп, жастарға жеңілдетілген 2,5% несие бойынша да сөз қозғады.
Естеріңізе сала кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында 100 мың жасты жұмыспен қамту, кәсіпкерлігін дамытқысы келген жастар үшін 2,5 пайыздық несие берілетінін айтты. Ел Президенті жастар үшін барынша күш салып жатыр.
Естеріңізде болса, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ай сайын әр ауданның жастарымен жүздесіп тұратынын айтқан болатын. Оған белсенді жастар қатысып, қала әкімімен сұхбаттасып, көкейінде жүрген сауалын қойып, ойында жүрген ұсыныс-тілектерін айта алады. Күні бүгінге дейін бірнеше ауданда кездесулер өтті. Өзекті де өткір мәселелер көтерілді. Тиісті тапсырмалар негізінде жұмыстар да істеліп жатыр. Мұндай жиындардың жастарға берер мүмкіндігі жоғары. Өйткені осы арқылы өңірдегі жастар арасындағы өзекті мәселелер шешімін табады. Сонымен қатар олардың жан-жақты дамуына да барынша мүмкіндіктер жасалмақ. Осының негізінде жастарға барынша жағдайлар жасалып жатқанын да айта кету керек. Мұның өзі өңірдегі жастар арасындағы мәселелерге терең анализ жасауға мүмкіндік беріп отырғаны да белгілі.