Шымкент: Бауыржан Байбек Водопьянов көшесіндегі тұрғынүйдің ашылу рәсіміне қатысты

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді, деп хабарлайды anyq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ол қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесіндегі құрылысы аяқталған тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Бүгінде ондағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі Водопьянов көшесі №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бір жыл алдын өртке оранған үйдегі 42 отбасы жаңа баспананың кілтін алады.
Водопьянов көшесі №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы  «Шымкент ӘКК» АҚ  арқылы жүзеге асты.  Тұрғындардың баспана мәселесін шешу мақсатында өрт болған үйдің орнына «Шымкент ӘКК» АҚ арқылы жоба құны 550,1 млн. теңгеге жаңа 5 қабатты 85 пәтерлі тұрғын үй тұрғызылды. Жұмысты мердігер «ОтауСтрой» ЖШС-і атқарды.
Партияның бірінші орынбасары аталған көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерін аралап, тұрғындармен тілдесті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.