Шымкент: «Бақыт» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Шымкентте жақында «Бақыт» тұрғын үй кешені ел игілігіне берілді.


«Нұрсәт» шағынауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылысы 2018 жылы басталған болатын. Бірінші кезең бойынша үйлер 2020 жылдың наурыз айында тапсырылса, екінші кезеңі биылғы жылы жүзеге асты. Жалпы алғанда 40 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға берілді.

«Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-нің қаржы директоры Гүлжан Сыдықованың айтуынша, бұл тұрғын үй кешені құрамалы каркас тәсілімен салынған. Құрылысқа керекті заттар аталған компанияның ЖБИ зауытында жасалған. Үйдің сырты табиғи тас травертинмен қапталған. Жеке көліктерге паркинг бар.

Айта кететін жайт, пәтерлер 66-118 шаршы метрден есептелген. Бұл пәтерлердің 70 пайызын банк салымшылары алды. Олар құрылыс басталмай тұрып, несие рәсімдеген. Осылайша, нарықтық бағадан төмен бағамен баспанаға қол жеткізіп отыр.

«Отбасы» банкі Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Нұрлан Сұлтановтың айтуынша, заманауи үлгідегі салынып жатқан пәтерлер құрылысы бітпей жатып сатылып кеткен.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.