
Шымкентте жобасы дайын инвесторлар үшін жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағынан жер учаскесі беріледі. Мұндағы мақсат — қаладағы инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту.
Осыған орай әкімдік тарапынан айтарлықтай жұмыс жүргізілуде. Мысалы, 2021 жылы жалпы ауданы 306 га жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылса, 132 га аумақта тамақ өнеркәсібі үшін «Бозарық» индустриялы аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы жалғасуда. Ао «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағы 175 га, сауда-логистикалық орталығының аумағы 136 га кеңейтілуде.
«Оңтүстік» АЭА қызметінің басым түрлеріне (жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау) сәйкес келетін жобаны іске асыру үшін инвесторға мемлекет тарапынан келесідей қолдау шаралары ұсынылады:
- тегін жер телімі;
- дайын инфрақұрылым;
- корпоративтік табыс салығын, жер салығын және мүлік салығын төлеуден босату;
- АЭА аумағында өндірілетін тауарларға қосылған құн салығын төлеуден босату;
- шикізат және материалдар импортына қосылған құн салығын төлеуден босату;
- инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтарды, жинақтауыштарды, шикізат пен қосалқы бөлшектерді алып келу кезінде кедендік баждарды төлеуден босату;
- коммуналдық қызметтердің төмен құны.
Бұл тұрғыда 2020 жылдан бері «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі жұмыс істеп тұр. Мұнда «бір терезе» қағидаты әдісімен қызмет көрсетіледі. Осы арқылы бұл салада әкімшілік кедергілер азайып, кәсіпкерлерді сүйемелдеу мен кеңес беру артып отыр.
Жалпы фронт-офис 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді: кеңес береді, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.
Фронт-офис қызметін бастағалы бері келесідей қызметтер көрсетілді:
— Консультациялар – 12 282;
— Жобаларды сүйемелдеу – 1 217;
— Маркетингтік қызметтер – 539;
— Тауашалық жобалар – 100;
— Аналитикалық зерттеулер – 14.
466734 206968Hello there, just became alert to your weblog via Google, and located that it is truly informative. Im gonna watch out for brussels. I will appreciate in the event you continue this in future. A great deal of people is going to be benefited from your writing. Cheers! xrumer 610239
412376 37065Hey! I merely wish to give an enormous thumbs up for the excellent information youve got here on this post. I will likely be coming back to your weblog for more soon. 827889
948681 735616It is a shame you dont have a donate button! Id most surely donate to this outstanding web web site! I suppose within the meantime ill be pleased with bookmarking and putting your Rss feed to my Google account. I look forward to fresh updates and will share this blog with my Facebook group: ) 649879