Шымкент: Биыл 2000 жас жұмыспен қамтылады

Шымкентте биыл «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 2000 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.


Бағдарламаға қатысамын деушілерден өтініштер карантин кезінде онлайн қабылданған еді. Қазір «Жұмыспен қамту» орталығына өткізуге болады.

Бағдарламаға қатысу үшін, 30 жасқа толмаған, жоғары білімді болуы керек. Сонымен қатар, тәжірибеден өту барысында іскерлігін дәлелдесе, жұмысын тұрақты түрде жалғастыруына мүмкіндік бар.

Мамандардың айтуынша, қаламызда медицина қызметкерлері мен тәрбиеші, заңгер,құрылыс сынды маман иелеріне сұраныс басым.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын жастар практикасы ұйымдастырылып жатқанын назарларыңызға жеткіземіз.

Қандай да бір қосымша мәлімет алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
Абай ауданы бойынша: 87028188009, 87752470855, 87058997588, 87760101901, 87053516076
Қаратау ауданы бойынша: 87022502769, 87071069790, 87752141188, 87785805054, 87756442313
Еңбекші ауданы бойынша: 87015705445, 87473491800, 87079709090, 87752389028
Әл-Фараби ауданы: 87071472087, 87058519000, 87081791987, 87762180227, 87026967696

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.