Шымкент: Білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы лауазымына Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гүлназ Төрәліқызы 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын совхозында туған, қазақ, білімі жоғары.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.

Еңбек жолының 28 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының орынбасары.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin