Шымкент: Білім беру ұйымдарының материалдық құрал-жабдықтарына қатысты талаптар күшейтіледі

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушысы Ақмарал Жүнісованың қатысуымен білім саласында сапаны қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарын бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы онлайн-брифинг өтті.


Брифингте ұлттық бірыңғай деректер қорын жетілдіру тұрғысында алдағы оқу жылында тәуекел дәрежесін анықтау және келесі жартыжылдыққа профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру үшін қандай ақпарат көздері қолданылатыны да сөз болды.
Атап айтсақ:
– Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
– Бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері;
– Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
– Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

Ақмарал Мырзабекқызының айтуынша, өзгерістер кезінде орта білім беру ұйымдарының түрлері бойынша жеке-жеке талаптар қарастырылған. Яғни, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында жоғары және бірінші категориясы бар педагогтардың үлесі көбірек болуы керек. Оған қоса, білім беру ұйымдарының материалдық құрал-жабдықтарына қатысты талаптар күшейтіліп, компьютер кластары, интернет желісі қосылуы және бейнебақылаудың болуын қажет ететін нормалар енгізілген.

Сондай-ақ, өзгерістерде техникалық және кәсіптік білім беру, колледж және жоғары колледждерде мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар мен жұмыспен қамтылғандардың үлесі кемінде 75% құрауы туралы, ал жатақхана немесе хостелдегі студенттерге тұрмыстық жағдай жасау қажет екендігі туралы талаптар толықтырылған.

Брифинг соңында А.Жүнісова: «Алдағы уақытта білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіліп, білім беру сапасының артуы көзделуде» деп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға тиянақты жауап берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

219 Comments

  1. Having read this I believed it was really enlightening.

    I appreciate you taking the time and energy to put this information together.
    I once again find myself spending way too much time both reading and
    commenting. But so what, it was still worth it!

  2. Magnificent goods from you, man. I’ve keep in mind your stuff prior to and you’re simply extremely wonderful.
    I really like what you’ve got right here, certainly like what
    you’re stating and the best way in which you are saying it.

    You are making it enjoyable and you still take care of to keep it sensible.

    I can not wait to learn far more from you. That is really a great
    website.

  3. Exceptional post however I was wanting to know if you could write a litte
    more on this topic? I’d be very thankful if you could elaborate a
    little bit more. Bless you!

  4. I believe this is among the most vital info for me.
    And i am satisfied reading your article. However should
    remark on few common things, The website taste is great, the articles is actually excellent : D.
    Good job, cheers

  5. Do you mind if I quote a few of your posts as long as I provide credit and sources back to your site?
    My website is in the very same area of interest as yours and
    my users would really benefit from some of the information you provide here.
    Please let me know if this okay with you.
    Cheers!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.