Шымкент: Бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы – 700 метр, ені 4 метр. Тұрлан шағынауданындағы Әйтеке би көшесіне орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары толығымен орындалды.

Жауапты мердігер мекеме «Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і екі көшені де өз мерзімінде тапсырды.

Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында «ӘлемТрансЖол» ЖШС-і жүргізген бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, пайдалануға берілді. Метрологический, Шевченко көшесінде (көшенің ұзындығы 930 метр, ені 5 метр), Аманжолов өткелінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы жолдарды жөндеуге биыл 27 миллаирд теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Қазір шаһарда жұмыс қауырт. Мердігерлер қара күзге дейін  414 шақырым жолдың құрылысын толық аяқтаймыз деп отыр

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.