Шымкент: «Бір үй — Бір бірлестік — Бір шот» қағидаты кеңінен насихатталуда

Әл-Фараби ауданында бүгінде «БІР ҮЙ — БІР БІРЛЕСТІК — БІР ШОТ» қағидаты кеңінен насихатталуда.


Бұл жүйе көпқабатты үйде тұратын азаматтардың уақытын үнемдеуге, тек өздеріне қажетті ғана құрылысты жүргізуге, ең бастысы қаражатын өздері маңызды деп есептеген бағытта жұмсауға мүмкіндік береді.

Осы орайда Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, аудандағы көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) (ОСИ и ПТ) құру бойынша жол картасы және медиа жоспар бекітіліп, ауданда тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 598-і, яғни 89% Әділет басқармасында кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Мәселен, бүгінгі таңға дейін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 214 жиналыс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, 10 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық Әділет департаментіне тіркелген. Сондай-ақ, 26 тұрғын үйде жай серіктестік құрылды. Ал 47 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.