Шымкент: Волейболдан жеңімпаз команда анықталды

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында спорт бәсекелері жалғасуда. Бүгін волейболдан жеңімпаз команда анықталды.


Волейбол ойынына жалпы 131 мектептен 1572 жас қатысып, ширек финалға шыққан 16 командадан 192 жас бақ сынады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Соңғы финалдық сынға №64 және №113 мектептің шәкірттері шыққан болатын. Аса тартысты өткен ойында №64 мектептің шәкірттері жеңіске жетіп, лигада жеңімпаз атанды. Үшінші орынды № 50 мектеп жеңіп алды.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов финалдық сынды тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетті.

Айта кетсек, шаһарда биыл 1 наурыздан бастап оқушылар төрт спорт түрінен – волейбол, футбол, баскетбол және шахмат ойындарынан сынға түсуде. Жобаны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі, білім, дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

Командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.