Шымкент: Дәрігерлер тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаладағы медициналық ұйымдар алдында «COVID-19» коронавирустан сақтану шаралары жазылған баннерлер ілінуде.


Осылайша медицина мамандары инфекциялық аурудан сақтану жолдары туралы тұрғындар арасында кеңінен насихаттамақ.
Бүгінде денсаулық сақтау саласы мамандары халықты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақыруда. Бұл, біріншіден, тұрғындар арасында инфекцияның кең таралып кетуіне тосқауыл болса, екіншіден, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» керек екенін ескертеді.
Айта кетейік, егер сіз ауырып қалсаңыз немесе ЖРВИ ауруының белгілері байқалса, 103-ке қоңырау шалыңыз!
Сондай-ақ қаладағы коронавирус инфекциясы, эпидемиологиялық ахуал туралы ресми және сенімді ақпаратты https://covid19shymkent.kz/ сайтынан білуге болатындығын ескертеміз.
Айта кетейік, қалада 2020 жылдың 24 наурызынан 29 қазанына дейін коронавирус инфекциясының 5 231 жағдайы тіркелген. Оның 2662-сі симптомды болса, 2569-ы – симптомсыз. Олардың ішінде 5 152 науқас емделіп шыққан. Ал осы жылдың 1 тамызы мен 29 қазан аралығында COVID-19 белгілері мен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 985 жағдайы тіркелген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.