Шымкент: Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жан-жақты шаралар қабылдануда

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 41 544 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың ішінде 4 614-і – бірінші топтағы, 15 455-і – екінші топтағы, 13 505-і – үшінші топтағы азаматтар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі — 7 970 бала бар. Мемлекет тарапынан олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жан-жақты шаралар қабылданып, қажетті құрылғылар мен жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Ерекше жандарды оңалтудың жеке бағдарламасы аясында жыл басынан бері — 45 681 өтінім қабылданып, оның 37 970-і (82,5%) қамтамасыз етілді. Протездік-ортопедиялық құралдарға 8 203 өтінім түсіп, олардың 6 147-сі үлестірілді. Сонымен қатар, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарға 20 779 өтінім тіркеліп, нәтижесінде 19 012 адамның қажеттілігі өтелді. Тірек-қимыл жүйесінде бұзылысы бар азаматтарға 1 347 өтінім бойынша қоларба қарастырылып, 1 197 адамға арба берілді.

Сонымен қатар, жеке көмекшінің, ымдау тілін үйретуші мамандардың қызметі бойынша 2 901 азамат мұқтаждық танытып, олардың 2 863-іне тиісті қызмет көрсетілген. Шипажайда сауықтыру емі үшін 8 471 адамға жолдама берілді.

Әлеуметтік қолдау құралдарын алу үшін мүгедектігі бар азаматтар қажеттіліктерін арнайы әлеуметтік портал арқылы тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, Бәйтереков көшесіндегі басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, мұнда тұрғындар портал арқылы өздеріне қажетті құрылғыларды таңдай алады.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin