Шымкент: Еріктілер тазалық акциясын өткізді

Шымкентте волонтерлар тазалық акциясын өткізді. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары, «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры жерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іс шараға 30 ерікті жас жұмылдырылды.

Орман — жер бетіндегі табиғат қорларының басты типі екендігін еске алсақ, ондағы табиғи байлықтарға да арнайы күтім қажет. Осыны ескерген «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен орталық еріктілері, қоршаған ортаның тазалығы мен ормандағы жасыл желектің көркеюіне үлес қосып, табиғат ресурстарын сақтап қалуда көмек қолдарын созды.

Тазалық акциясы арқылы экологиялық жағдайды жақсартуды мақсат еткен еріктілер, орман ішін қоқыстардан тазартты.

Еске сала кетейік, қала еріктілері осыған дейін, табиғат тазалығын басты назарда ұстай отырып, бірнеше сенбілік жұмыстарын жүргізген болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.