
Еңбекші ауданы аумағында 2022 жылы 1026 алаяқтық қылмысы тіркелген. Оның ішінде 578 қылмысы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша орын алған.
Сондықтан, аудан прокуратурасы АӘК тағайындалуының, төленуінің және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың ұсынылуының, қайтарымсыз гранттарды табыстау заңдылығына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен және Халықты жұмыспен қамту орталығымен халық арасында мемлекеттік органдардың қызметіне жағымсыз пікір туғызатын жүйелі бұзушылықтар жол берілетіні анықталды.
Атап айтқанда, Орталық 2022 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында қаражатты заңсыз бөлу, үміткерлерді конкурстан негізсіз шеттету, гранттардың қаражатын уақытылы аудармау, конкурстық комиссиясымен бизнес жоспарларды формальды бағалау, гранттарды мақсатты жұмсалғаны туралы есептерді тапсырмау және т.б. бұзушылықтар анықталды.
Өз кезегінде қалыптасқан жағдай осы саладағы уәкілетті органдардың қызметкерлері арасында заңсыз әрекеттер жасауға тәуекелі жоғары екенін көрсетті.
Мысалы, Еңбекші аудандық полиция басқармасымен Орталықтың «С.Ә.» есімді қызметкері 50-ге жуық азаматтардан АӘК пен қайтарымсыз гранттарды алуға жәрдем беремін деп 150 мың мен 3 млн. теңге көлемінде ақшаларын алаяқтықпен иемденген.
Аудан прокуратурасымен аталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде Орталықтың 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кемшіліктерді жоюға іс-шаралар жүргізілді және халық арасында мемлекеттік бағдарламаларға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде ағымдағы жылы аудан аумағында аталған санаттағы қылмыс оқиғалары орын алмаған.
296103 308593hello I was extremely impressed with the setup you used with this internet site. I use blogs my self so excellent job. definatly adding to bookmarks. 932429
676007 45204 An fascinating discussion is worth comment. I believe which you need to write more on this topic, it might not be a taboo topic but usually folks are not enough to speak on such topics. Towards the next. Cheers 272861
282733 698479Wow, suprisingly I never knew this. Keep up with very good posts. 720075
955466 639137You ought to join in a contest for starters of the highest quality blogs online. I will recommend this page! 789349