Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. 18 тұрғын алап және 11 шағынауданнан тұратын аудан аумағында 728 көше мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Нақтыласақ, 2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған. Қалаға қосылған 7 елді мекеннің құрылысы аяқталу жоспарлануда Жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізді. Сондай-ақ, 2023 жылы аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды.
Қазіргі таңда ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды.
2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Строительная группа «Архитектор» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
«ANYQ.KZ-ақпарат»