
Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы мәлімдеді.
– Бүгінгі күнде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарды құрап, халық саны 228 830 адамға өсті. Жаңа Тұран ауданының құрылуына байланысты Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы, ал Әл-Фараби ауданынан Бадам шағынауданының 2-ші бөлігі қосылды. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Сондай-ақ, 728 көше мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үй орналасқан.
2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші ауданда 94,5 пайызды құрады. Қалаға қосылған жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і атқаруда. Қазіргі таңда, Исфиджаб тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
2023 жылы жаңа шекараға сәйкес, табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 87,2 пайыз, қамтылмаған 12,8 пайызды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда 5 елді мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» ЖШС-мен әзірленуде, –деді Д.Күздікбайұлы өз баяндамасында.
Сондай-ақ брифинг барысында тұрғындар тікелей эфирде өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Аудан әкімі тиісті жауаптарын беріп, мәселенің шешімі бар екенін атап өтті.
520178 460461i could only wish that solar panels cost only several hundred dollars, i would enjoy to fill my roof with solar panels- 398452
736051 56613certainly like your web website but you want to check the spelling on several of your posts. Several of them are rife with spelling problems and I locate it really troublesome to tell the truth nevertheless I will certainly come back again. 686200