Шымкент: Жазғы мектептердің жұмысы ерекше, қызықты форматта ұйымдастырылуда

Жазғы мектептерде бастауыш сыныптары мен 6, 7, 8 және 9, 10 сыныптың 121 мыңнан аса оқушысы білім алып жатыр.


Жазғы мектеп жұмысы ерекше, қызықты форматта ұйымдастырылуда. Шәкірттар жазғы мектепте тек білім алып қана қоймай, бос уақыттарын мәдени-сауықтыру шараларлармен өткізеді.

Ашық аспан астында түрлі спорттық шараларға қатысып, дене шынықтырады. Жазғы мектепте оқушыларға сүйікті істерімен емін-еркін айналысуына бар жағдай жасаған.

Айта кетейік, 26 мамырда басталған жазғы мектеп 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жазғы мектептің мақсаты оқу, шығармашылық және ойын іс-әрекеттері арқылы тілдік және академиялық дағдыларды дамыту болып табылады.

Сабақтар 10 адамға дейін топтарда немесе жекелей жүргізіледі.
Іскерлік ойындарға, эксперименттерге және тренингтерге қатысуды қосатын интерактивті сабақтарға үлкен көңіл бөлінеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.