Шымкент: Жастар арасында есірткі және нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыға түсті

Қалалық Жастар ресурстық орталығында «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында құқық қорғау орган қызметкерлері жастармен кездесті. Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов жастардың өзекті мәселелелері және оны шешу жолдарын талқыға салды.

Полиция департаменті және қалалық прокуратура бірлесе ұйымдастырған басқосу жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алуды мақсат еткен. Қаладағы ЖОО, орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысқан жиында есірткі және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар тәрбиесі тақырыптары жан-жақты талқыға түсті.

Қазіргі таңда есірткі қылмысының жауапкершілігі қатаңдатылған. Жиында Бауыржан Қарбеков нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы мәлімет беріп, есірткінің қоғамға зиянын түсіндірді. Қоғамдағы түрлі құқықбұзушылықтардан алыс жүріп, жастарды еліне адал қызмет етуге, ата-ананың үмітін ақтауға шақырды.

Жандос Есенжанұлы есірткі армандар мен мақсаттардың жолын жауып, тұңғиыққа апаратын ауыр дерт екенін ұғындырып, жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізудің өте маңызды екенін айтты.

Іс-шарада есірткі қылмысының зардаптары жөнінде арнайы деректі фильм көрсетілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin