Шымкент: Жас түлектер жұмыспен қамтылып, еңбек тәжірибелерін арттыруда

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бағдарламаның үшінші бағыты – жастар практикасы жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған.

Баяғдарлама аясында бүгінде жас түлектер жұмыспен қамтылып, еңбек тәжірибелерін арттыруда.

Сондай жастың бірі – Әділет Базарбай.

Жас маман «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша колледжді бітіріп, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген.

«Еңбек» бағдарламасы арқылы «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына жолданды. Осылайша жастар практикасы шеңберінде жұмыс тапқан маман жастарды бағдарламаға қатысуға шақырады.

Биыл қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жастар практикасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге 25 АЕК көлемінде жалақы төленеді. Жыл басынан бері 600-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.