Шымкент: Жаяу жүргіншілер жолына арнайы прожекторлар қойылуда

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.


Қаладағы бірқатар маңызды көшелердің бойындағы жаяу жүргіншілер жолына арнайы прожектор қойылуда.

– Жуырда қала тұрғындарының ұсынысымен Н.Назарбаев даңғылы бойындағы көркем гимнастика мектебінің алдына осындай белсенді жаяу жүргіншілер жолын қостық, — деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, алдағы уақытта адам өміріне қауіп келтіруі мүмкін Темірлан тас жолы бойындағы жолдарға орнату жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Шымкент қаласында жол қозғалысын реттеу мақсатында жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Соның нәтижесінде шаһарда жол-көлік апаттарының саны төмендеп отыр.

Биыл 600 метр болатын жасанды жол кедергілері, 2 600 дана жол белгісі, 15 дана белсенді жаяу жүргіншілер өткелі, 16 бағдаршам, 250 аялдама орнатылып, 215 шақырымға жол таңбасы сызылады.

Қалалық жолаушылар көлігі және автотранспорт жолдары басқармасының мәлімдеуінше жыл басынан бүгінгі күнге дейін олардың біршамасы жүзеге асырылған. Атап айтқанда, 850 жол белгісі, 100 метрге жасанды жол кедергісі орнатылған. Сонымен бірге 45 шақырым жолға жол таңбалары сызылған. 3 белсенді жаяу жүргіншілер өткелі қойылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.