
Қазақстанда дала шаяндарының үш түрі мекендейді. Атап айтқанда: Сары шаян, Кавказ және Рикмерс шаяны. Олардың шағуы көбінесе өлімге әкелмейді. Қаламызда кездесетін, сарышаяндар мамырдан қыркүйекке дейінгі аралықта белсенді болып келеді.
Сарышаян шаққан жағдайда, науқастың жағдайы сарышаянның қай жерден шағып алғанына байланысты. Егер қолдан немесе аяқтан шақса, онда улану жағдайы төменгі деңгейде, ал бас, жүрек немесе мойын аймағы болса, онда науқас ауруханаға жатқызылып, тұрақты бақылауда болады.
Осы орайда, ескерте кететін жайт: Залалсыздандыру жұмыстары жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандар аумағында жүргізілмейді, егер қажеттелік туындаса жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен жүргізеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 107-бабының 1 тармақшасына сәйкес: Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті.
Зиянкес масаларға қарсы қала аумағындағы 37 өзен-каналдар, 11 саябақтар, 38 гүлзарлар мен аллеяларды дезинсекциялау және кенеге қарсы энзоотиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, кеміргіштерге қарсы 1 609 740 ш.м – өзен жағалаулар, суару каналдары және 16 752 ш.м – қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары залалсыздандырылса, масаларға қарсы 1 355 200 ш.м өзен-каналдар, 2 481 650 ш.м саябақтар, 855 064 ш.м гүлзарлар мен аллеялар аумақтары дезинсекцияланады.