Шымкент: Жолайрық құрылысын жалғастыру үшін көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолайрық салу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында толығымен аяқтау жоспарланған. Жобаға сәйкес, Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған.

Жолайрықтың көпір өткелін, жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін жартылай шектеу қажеттігі туындап отыр.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген сызбаға сәйкес, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін (оңтүстік беткейін) көлік қозғалысы үшін 2021 жылдың 7 маусымы сағат 00:00-ден 2021 жылдың 7 шілдесіне дейін және солтүстік беткейі 7 шілдеден 7 тамызға дейін шектелетінін хабарлаймыз.

Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.