Шымкент: Жолайрық құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент: Қала әкімі жолайырық құрылысының сапалы әрі уақытылы орындалуын тапсырды.


жолайрық құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған құрылыс нысанының жұмыс барысын бақылап қайтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қаладағы аса маңызды жолдардың бірі болғандықтан қала басшысы бұл нысанның құрылысын жіті бақылауына алған. Сондықтан әр апта сайын құрылыстың басына барып сапасын қадағалап, құрылысқа кедергі келтіріп отырған мәселелердің шешу жолдарын қарастырып отырады.

Жолайрық құрылысында бүгінге дейін, 70000 текше метр жер жұмыстары, 270 метр тіреу қабырғаларын құю, тіреу қабырғаларының каркасын тоқу, 1,92 шақырым су құбыры, 1,82 шақырым газ құбыры мен 0,6 шақырым байланыс сымдарын орнату сынды тағы басқа жұмыстары аяқталған.

Құрылыс жұмысымен танысу барысында әкім бөлінген қаржының өз мақсатында жұмсалуын қадағалауды және жол жөндеу жұмыстарының барысында бірінші кезекте сапасына баса назар аударуды жауапты сала маманына міндеттеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.