Шымкент: Жылына 800-ден аса шала туған сәбиге күтім жасайтын білікті дәрігер

Жылына 800-ден аса шала туған сәбилрге күтім жасайтын білікті шымкенттік дәрігер Малик Акпар.


Ол  – жылына 800-ден аса ауыр халдегі балаларды емдейтін дәрігер.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дәрігер неонатолог мерзімінен бұрын туған ауыр жағдайдағы сәбилерге медициналық көмек көрсетеді.

Шымкент қаласында перинаталдық орталықтағы балалар реанимация бөлімшесі – дене салмағы өте төмен және жаңа туған нәрестелерді, сондай-ақ даму кемістігі бар балаларды күтетін қаладағы жалғыз бөлімше. Білікті маман осы орталықтағы балалар реанимациясының бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Малик Камалұлының әкесі қалада танымал торакалды хирург болып қызмет еткен. Облыстық клиникалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі қызметін атқарды. Малик Акпардың медицина саласына келуіне де әкесі себепші болды.

Малик Камалұлы өз ісінде мейрімді, сауатты дәрігер неонатологы. Тәжірибелі дәрігер Мәскеуде, Нұр-Сұлтан қаласында үнемі біліктілігін арттырып, литвалық мамандармен тәжірбие алмасып отырады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.