Шымкент: Жыл басынан бері 464 азаматқа қандас мәртебесі берілді

Шымкентке жыл басынан бері 500-ге жуық қандас қоныс аударды.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елге оралғандардың басым көпшілігі, яғни 448 адам көрші Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған. Сондай-ақ, атажұртқа Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен де қандастарымыз көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанып отыр.

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында қалада 11 жылдан бері Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» қызмет көрсетуде. Орталық мамандары ҚР заңнамасына сәйкес, елге оралған азаматтарға 6 ай мерзімде бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін ұсынады.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда мұнда 14 отбасы құрамындағы 29 адам елге бейімделуде. Тіпті түрлі мамандықтар бойынша тегін оқу курстары қарастырылған. Қандастарға барлық сұрақтары бойынша ақпараттық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.