Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары оң нәтиже көрсетуде

Атаулы әлеуметтік көмек (АЕК) — отбасылардың табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға беріледі. Алайда, бұл ұзақ мерзімді емес. Тек отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен асқанға дейін ғана төленеді. Жалпы АЕК тағайындаудың негізгі мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамту.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте 8 511 отбасының 44 342 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының оң нәтижесін көрсетеді.

1-6 жас аралығындағы балаларға төленетін 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 тг) жәрдемақы биыл 7 608 отбасының 14 907 баласына берілді. Бұл көрсеткіш те төмендеген. Өткен жылы 12 927 отбасындағы 24 521 балаға төленген. Биыл 28 пайызға азайған.

Жалпы, 2024 жылдың III тоқсанына арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 36 637 теңгені құрап отыр. Бұл көмек әр отбасының жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық негізінде есептеледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 12 482-і еңбекке жарамды азаматтар. Олардың 7 369-ы өтініш берген кезде жұмыс істеп жүргендер болса, қалғаны жұмыспен қамту шараларына тартылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, 436 адам нәтижелі жұмыспен қамту шараларына қатысқан: 265 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 48-і қоғамдық жұмыстарға, 15 адам жастар практикасына, 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Сонымен қатар, 46 адамға кәсіпкерлік бастамалары үшін қолдау көрсетілді.

Бұл көрсеткіш қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларының оң нәтижесін көрсетіп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтып келеді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin