Шымкент: Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бір жылға мүлік салығынан босатылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн-брифингте елімізде төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Үкіметте экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзірленгенін айтты.


Осы жоспарға сәйкес Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілген.

Жоспарда бағаны тұрақтандыру, жергілікті тауар өндірушілерді қорғау, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша 29 іс-шара қарастырылған.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасымен шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер беріліп, 3 жылға тексеруден босатылған.

Атап айтқанда:

– Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар мен спорт нысандары бір жылға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылады;

– Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылады;

– Ағымдағы жылдың 15 наурызынан 15-маусымына дейін өсімпұлдарды есептеу тоқтатылды;

– Салық есептілігінің мерзімін 3 тоқсанға ауыстырылды;

– Тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша шикізат базасын өсіру және оның сапасын арттыру мақсатында жоғары сапалы биологиялық өнім импортына қосымша құн салығынан босатылды;

– 2020 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.