Шымкент: Заңсыз орналасқан дүңгіршектер алынуы тиіс

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршектер орнынан алынуы тиіс. Бұл туралы Әл-Фараби ауданы әкімдігі хабарлайды.


– Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы 10-тармағына сәйкес жер учаскесінің нақты (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейінгі жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.

Төменде көрсетілген заңсыз орнатылған, сондай-ақ, нысаналы мақсатында сай келмейтін нысандардың иелері дүңгіршектерді өздері алуларын сұраймыз. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда өкілетті органдар нысандары мәжбүрлеп алу бойынша шара қолданып, ал нысан иелері белгіленген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатыны туралы хабардар етеміз.

Осыған орай, қосымшада ұсынылған дүнгіршектердің иелерін заң нормаларына сәйкестігін тексеріп, алып тастауды сұраймыз, – дейді жауапты мамандар.

Заңсыз қойылған дүңгіршектердің мекенжайы:Т. Рысқұлов көшесі, М. Дулати, Ж. Тәшенов, Жангельдина, Әл-Фараби алаңы, Ш. Қалдаяқов, А. Байтұрсынов, М. Мәметова, Республика даңғылы, Тәуке хан, Б.Момышұлы, Қазыбек би, Тұрысов, Түркістан, Адырбеков көшелері.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.