Шымкент: Зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

Шымкентте 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл  туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Қала аумағында зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 26 сәуір мен 10 мамыр күндері аралығында жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдеді.

Аталған жұмыстар көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс контейнерлеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал, жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

«Ескерте кететін жәйт, көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындары кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді балаларыңыздың ұстамауына және үй жануарларының жеп қоюына абай болуларыңызды сұраймыз!»,-дейді Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы.

Қосымша ақпарат бойынша: 8(7252)24-75-37.

Сондай-ақ, көктем мезгілі басталысымен қаладағы барлық көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен скверлерде және ирригациялық жүйелерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аялдамалар мен аяқжолдар сумен жуылып,  санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылуда. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 492073 948200I just could not go away your website before suggesting that I extremely enjoyed the usual info a person supply to your guests? Is going to be back ceaselessly in order to inspect new posts. 327950

  2. 500569 886292Superb read, I recently passed this onto a colleague who has been performing slightly research on that. And the man truly bought me lunch because I came across it for him smile So allow me to rephrase that: Appreciate your lunch! 60291

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.