Шымкент: Зообақтағы жасанды көл жаңаруда

Ашылғанына ширек ғасырдан астам уақыт болған Шымкент зообағы бүгінде қалалықтардың ең сүйікті мекеніне айналған. Жаңғыртудан өткізілген зообақ аумағы жыл сайын жаңа аңдармен толығып келеді.


Қазірге жоба ретінде жасалған дүние қалалықтардың ең сүйікті демалыс аймағына айналады, дейді Шымкент қалалық зообақ қызметкері. Оның үстіне зообақта жыл сайын көптеген өзгерістер орын алуда. Зообақ аумағында бұрын жасанды көл болған. Алдағы уақытта ол жерде жаңа көл пайда болмақ. Сондай-ақ, ол көлде арал салынады. Аралда арнайы құстарға ерекше стильдегі қорған тəрізді ұялар болады.

Жасанды аралдың дайын макеті расында көзтартарлықтай. Жасыл желекке көмкерілетін аралда құстарға арналып салынған ұяшықтардың өзі ескі қорғанды еске түсіреді. Көлдің екінші жағалауына өту үшін арнайы аспалы көпір де салынатын болады. Көпірде екі қорған секілді демалыс орындары қарастырылған.

Елімізде жалпы 3 зоосаябақ болса, соның бірі әрі бірегейі үшінші мегаполис Шымкентте орналасқан. Соңғы жылдары мұнда қайта құру жұмыстары басталған болатын. Бұл бақтың өзге зообақтардан ерекшелігі қайта құрудан соң пайдалануға берілген «Африка» контингентіндегі павильондар ашық табиғи ортаға бейімделген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

91 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.