Шымкент: Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.


Жиында «Қарапайым заттар» экономикасы бағдарламасы жобаларының ағымдағы жағдайы мен өңірлік брендті дамыту және жаңа жобалар мен олардың өзекті мәселелері талқыланды. Басқосуға басқарма басшылары және жеке кәсіпкерлер, инвесторлар қатысты.

Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаевтың айтуынша, «Қарапайым заттар» экономикасы бағыты бойынша 2021 жылы бес жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Каз Энерго-1» ЖШС электр сымдары және кабель өндірісі, «Аянат» ШҚ жылыжай кешені, «Dala construction» ЖШС құрама темірбетон конструкциялар және «Юникс» ЖШС минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіру жобалары жүзеге асырылады.

Штаб отырысында өңірлік бренд тауарлар өндірісін дамыту мәселесі талқыланды. Шымкент қаласында осы салада 2,7 мың адам еңбек етеді. Ендігі кезекте жергілікті кәсіпорындар Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өндірісті кеңейтуге дайын. Алдағы үш жылға кеңейту жоспарлары дайындалуда.

2020 жылы бұл бағытта 162 жаңа өндіріс орындары ашылды. Алдағы үш жылда олардың санын 422-ге жеткізу көзделуде. Инвестиция көлемі – 11 млрд теңге шамасында. 6 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Қала әкімі өңірлік инвест жобаларды қадағалайтын комиссия құруды тапсырды. Аудан әкімдіктері осы жобаларды жүзеге асыру үшін жер учаскелерін анықтауы қажет.

Сондай-ақ, жиында жаңа жобалар мен жобалардың өзекті мәселелері талқыға түсті. Инвесторлар тарапынан көпқабатты үйлер, қонақүй және әлеуметтік нысандар жобалары таныстырылды.

Қала әкімі «зум» жүйесі арқылы түркиялық «Ozguven» компаниясының басшысымен сөйлесті. Шымкентке инвестиция тарту бойынша әлеуетті компания басшысымен жақын арада кездесуге келісті. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.