Шымкент: Карантин режимін сақтамағандарға ескерту берілді

Карантин режимін бақылау үшін Абай ауданы бойынша жергілікті полиция қызметі, әкімдік мамандары, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау басқармасы мамандары, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы қызметкерлерімен бірге жұмысшы топ құрылған.


Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпкерлік нысанды жауапты мамандар аралап, олардың 37-не ескерту беріліп, түсініктемелері алынды.

Құрылған жұмысшы топ 4 кіші топқа бөлінген, ауданның төрт бағытында жұмыс атқаруда. Жұмысшы топтың бір бөлігі 38 қоғамдық көлікті аралап, анықталған кемшіліктер бойынша 4 автопарк, яғни «Ман Оңтүстік», «Санжар Моторс», «Сигма», «Шымкент Bus» басшыларына ескерту берілді.

Карантиндік шараларды сақтау бағытындағы жұмыстар күнделікті жалғасады.

Сондай-ақ, сауда орындарын дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.

Қаламыздағы әр аудан басшылығы коронавирус инфекциясының таралу жолдарын тежеу мақсатында ірі сауда орындарын дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.

Бұл жұмыстардың жалғасы ретінде Еңбекші ауданында орналасқан «Айна» базары залалсыздандырылды. Осы ретте сатушыларға санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек екені түсіндірілді.

Айта кетейік, аталған санитарлық жұмыстар Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес жүргізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.