Шымкент: Кез-келген тұрғын тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарласа алады

«Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы аясында жұмысты жетілдіру мақсатында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің WhatsApp желісі ашылды. Кез-келген тұрғын тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілері туралы немесе мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасы және т.б сұрақтары бойынша хабарласа алады.


Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға байланысты «ANTIKOR LIVE» және «ADAL KOMEK» жобалары аясында жауапты әр сала бойынша мамандары шақыртылып, тиісті сұрақтарға жауап беруде. Әрбір мамандарға қойылатын 2-3 сұрақ тұрғындар тарапынан келіп түскен.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан қазіргі пандемия жағдайына байланысты тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер мен ауруханалардағы төсек орындарының тапшылығын және заңсыз бағалардың көтерілуін болдырмау, әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар дәрігердің рұқсат қағазынсыз дәрілердің сатылуының алдын алу мақсатында жұмысшы топ құрылған.

Жұмысшы топ қатарына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері енген болатын. Осы орайда, 3 қала дәріханаларында кассалық аппараты бола тұра тауар чегі берілмеген сонымен қатар «Меропенем» вирусқа қарсы дәрісі бағасын заңсыз көтергені және сатқаны үшін қала тұрғыны ұсталынды.

Сондай – ақ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қаланың 40 дәріханасында дәрі-дәрмектің шекті бағасы көрсетілген QR-коды бар афишалар ілінді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.