Шымкент: Кондитер маманы көпбалалы аналарға ерекше сыйлық жасады

Шымкентте кондитер маман көпбалалы аналарға шеберлік сағатын өткізіп, өз білгенімен бөлісті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Еске сала кетейік, Шымкент қаласының «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.  Орталық жұмысының ерекше бір бағыты – өз кәсібін ашып, табыс табуға барынша ықпал ету болып табылады.

Осы бағыт шеңберінде қаладағы белгілі кондитер шебері Гүлдана Қансейітованың 8 сағаттық «Новые пироги» шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оған орталыққа тіркелген отбасылардың мүшелері қатысып, бір күнде 12 түрлі тәтті пісіруді үйренді.

Қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді. Келешекте тәтті пісіру өнерін меңгерген әйелдер үйде отырып, табыс табуға мүмкіндік алып отыр.

Отбасы институтын қолдау орталығы аналарға өз кәсібін бастауға жол көрсетіп, тәлімгер болған Гүлдана шеберге алғыс білдіреді. Алда мұндай шеберлік сабақтары жиі өткізіліп тұрмақ. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.