«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бастауымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі отырысы өтті.
Басқарма тарапынан қаралған мәселелер:
Бірінші мәселе — Шымкент қаласы, Ақназархан көшесі №24 орналасқан «Магнолия» сауда үйінің меншік иесі ЖК Анаркуловтың сұранысы бойынша ғимарат алдына автотұрақ ұйымдастыру мақсатында тапсырысшы, мердігер, меншік иесі және кәсіпкерлер палатасы мамандарымен комиссия жиналған болатын.
Комиссиялық шешім қабылданып, яғни көше бойынан жаяу жүргіншілерге жағдай жасау мақсатында, аяқжол (тротуар) «магнолия» сауда үйінің цоколі (іргетас) бойымен орнатылып, сауда үйінің алдына автомобильдер тұрақтау үшін мердігердің өз есебінен автотұрақ ұйымдастырылатын болды.
Қазіргі таңға, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ЖК Анаркулов тарапынан талап-тілек жоқ.
Екінші мәселе — Шымкент қаласы, А-2 Алматы айналма жолының бойында орналасқан нысандарға жобаға сәйкес, магистралды жол бойынан жеке тұрғын үйге ені 6 метр 1 дана кіру жолы, кәсіпкерлік орындарға ендері 6 метрлік бір кіру бір шығу жолдары қаралған.
Осы жолдың бойында орналасқан ЖК Адельдің сұранысы бойынша нысан басында тапсырысшы, мердігер, жоба авторы, меншік иесі және кәсіпкерлер палатасы мамандары жиналған болатын.
ЖК Адельдің ұсынысы бойынша сауда ғимаратының алдынан ендері 6 метр болатын екі бөлек жолдың орнына ені 12 метр болатын бір кіру жолын жасау шешілген. Сонымен қатар, ЖК Адельдің қосымша сұранысы бойынша ғимараттың жанынан ішке бұрылатын көше бойынан және бір кіру жолы қарастырылды. Бұл жұмыстар мердігер тарапынан кәсіпкерді қолдау және саудасына жағдай жасау мақсатында орындалды. (слайд 2)
Алайда, бүгінгі күнге ЖК Адель ғимаратқа және бір қосымша кіру жолын қарастыруды сұрануда. Меншік иесінің бұл сұранысына тапсырысшы тарапынан қарсылық жоқ екенін, алайда жұмыстарды мердігер есебінен емес өз қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс екені ескертілді.
Үшінші мәселе — А-2 Алматы айналма жолы мен Ынтымақ шағын ауданына баратын көшенің қиылысында жобаға сәйкес сақина типті жол айрығы орналасады. Ынтымақ шағын ауданынан келген көше жол айрығынан оңға бұрылу радиусында ИП Қосановтың авто жанармай құю бекеті (АЖБ) орналасқан. ИП Қосановтың осы бұрылу радиусынан АЖБ-ға кіру жолын ұйымдастыруды сұрауда.
Алайда, «Автомобиль жолдары» ҚР ҚН 3.03-01-2013 құрылыс нормасының 7.1.2 тармағына сәйкес, автомобиль жолдарының қиылысулары мен қабысуларын бойлай пішіннің шығыңқы бұрылыстарында орналастыруға болмайды.
Осыған орай, ИП Қосановқа бұрылыс радиусынан кіру жолын ұйымдастыру мүмкін емес екені түсіндіріліп, кіру жолын сақиналы жол айрығынан «Алаш» базарына қарай бұрылыс радиусынан кейін ені 12 метр болатындай бір кіру жолын жасау ұсынылды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Hello there! Do you know if they make any plugins to assist with SEO?
I’m trying to get my blog to rank for some targeted
keywords but I’m not seeing very good success.
If you know of any please share. Kudos! You can read similar article here: Najlepsze escape roomy
Hello there, just became aware of your blog through Google, and found that it’s truly informative.
I’m gonna watch out for brussels. I will appreciate if you continue
this in future. Numerous people will be benefited from your writing.
Cheers! Lista escape room
I was reading some of your posts on this site and I believe this web site is real instructive!
Keep posting.!