
Шымкент қалалық арнайы кітапханасында бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді баспасөз басылымы бойынша насихаттау және шолу жасау мақсатында оқырмандар медиа ақпараттық сауаттылықтарын арттыруда.
Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Бұл ретте Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана оқырмандарына міндетті түрде БАҚ материалдары бойынша дауыстап оқу жүргізіледі.
Бүгінгі тақырыпта «Зағип жандарға арналған ақылды сүйену таяғын жасады», «Ерекше жандарға мемлекет есебінен не беріледі?», «Шектеулі мүмкіндігіміздің шекарасын кеңейтсе» деген сияқты актуалды мәселелер талқыланды.
Жаңа кітаптардан бөлек, оқырмандарды баспасөз материалдары да қызықтырады. Мамандардың айтуынша, барлық материалдарды оқырмандар талабына сай тақырыптарға бөліп, қарастырылады. Осындай қызықты іс-шарадан кейін оқырмандардың газеттер мен журналдарға деген қызығушылықтары арта түсті. Іс-шараға келген оқырман қауым маңызды мәліметтер мен ауқымды ақпараттар алып, өз ойларын ортаға салып тарқасты.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
939105 386474An intriguing discussion is worth comment. I believe that you ought to write regarding this topic, it may possibly not be a taboo subject but typically persons are too few to chat on such topics. To one more location. Cheers 291392
92491 587005It is truly a terrific and valuable piece of info. Im happy which you just shared this useful information with us. Please stay us informed like this. Thank you for sharing. 624420
645886 137448Id ought to seek advice from you here. Which is not something I do! I love reading an write-up that could make folks feel. Also, numerous thanks permitting me to comment! 16891