Шымкент: Көлік саласын цифрландыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда

Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдірахановтың айтуынша, көлік саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2021 жылға бірқатар жоспарлар және міндеттер қойылып отыр.


Пилоттық режимде IDC компаниясымен бірлесе орталық көшелердің біріне «Ақылды аялдама» орнатылатын болады. Бұл жоба жеке инвесторлар есебінен іске асырылады.

Аялдаманын сыртында LED экран орнатылып, кез келген жарнаманы немесе қоғамдық көліктердің қозғалысын жария етуге болады. Сонымен қатар, қыс мезігілінде аялдама ішінде температурасы 20 градустан жоғары болса, жаз мезгілінде салқын ауаны ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, қалада бүгінгі таңда қоғамдық көлік қозғалысының уақытын хабарлайтын арнайы «i-Kolik» қосымшасы әзірленді. 2021 жылдың 19-20 сәуір күні Playmarket және Apple Store жүйелеріне енгізіліп, смартфондарға бастыруға мүмкіндік пайда болады. Бұл жоба өз кезегінде тұрғындардың қоғамдық көлік қозғалысы туралы хабардар болуына мүмкіндік береді. Жолаушы аялдамаларды сол қосымша арқылы біліп отырады. Бұл «Ақылды қалалар» рейтингісіндегі позицияның өсуіне мүмкіндік береді. 

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.