Шымкент: Көшелерге қоқыс жәшіктері қойыла бастады

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктер алдымен Қаратау ауданына қарасты Алматы көшесіне қойыла бастады.


Жаңа заманауи үлгідегі қондырғыларды қоқыс тасымалдаумен айналысушы мекеме «Эко Спец Транс» мекемесі тарапынан орнатылды.

Алматы көшесі — қала аумағындағы орталық көшелердің бірі. Осы орайда аталған көше тұрғындарына қоқыс шығар кезінде қолайсыздықтар туындамас үшін және қоршаған ортаның тазалығы басты назарда екенін ескере отырып жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта өзге де көшелердегі қоқыс жәшіктері жаңартылатын болады.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а Нұрлан Жаманкөз қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алыну жоспарланып отырғаны туралы мәлім еткен еді.

Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісі шықпайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.