Шымкент: Малайзиямен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Шаһар басшысы Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті. Бұл жөнінде шаһар басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкентке жұмыс сапарымен келген Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли Бин Абдулламен кездесті. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыланды.

Кездесуде Ғабит Сыздықбеков қаланың инвестициялық әлеуеті туралы айтты. Сонымен бірге инвестициялық жобаларды сәтті іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін де жеткізді.

Жылы кездесу нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған серіктестікті одан әрі дамыту мақсатында тығыз байланыста болу туралы келісімге келді.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin