Шымкент: Математика пәні бойынша «Бастау» турнирі өтеді

Шымкент қаласының Дарын орталығы ағымдағы жылдың 16-21 маусымы аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ Республикалық математикалық турнирін онлайн режимде өткізеді.


Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізіп келеді.

«Бастау» турниріне Шымкент қаласының Дарын орталығының 2020 жылдың мамыр айында математика пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында өткен онлайн олимпиада жеңімпаздары қатысады. «Бастау» турнирі командалық жарыс болғандықтан қатысушыларды дайындайтын жетекшілер: Шынар Мылтықбаева, Лариса Таганашвили тағайындалды.

Бүгінгі таңда турнирдің жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы топ жасақталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Турнирдің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 140-қа жуық қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.