Шымкент: Мақсұт Исахов ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанған Арли Чонтейді марапаттады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанған Арли Чонтейді марапаттап, құрмет көрсетті.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

– Әлемнің 25 елінен кіл мықтылар қатысып жатқан Өзбекстандағы Азия чемпионатында шымкенттік ауыр атлетші Арли Чонтей алтын медальге ие болды, — деп жазды қала әкімінің орынбасары Facebook-тегі парақшасында.

Aрли Чонтей 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, 255 (115+140) кг салмақты көтерді. Бұл жарысқа елімізден 17 адам қатысқан болатын. Алайда, тек Арли ғана медаль алып, 55 келі салмақта абсолютті чемпион атанды.

Осы орайда, қала әкімінің орынбасары спортшы мен бапкерлер қауымын арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетіп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

– Спортшымыз бен спорт саласында ел намысын қорғап, аянбай еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді құттықтап, алғысымды білдіремін. Жеңісіміз көп болсын! – деді Мақсұт Пернебайұлы. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.