Шымкент: Медицина қызметкерлері сенбілікке қатысты

Шымкент қаласындағы медицина ұйым қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты.


Шара аясында аумақты тазарту және көріктендіру іс-шарасына денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық 36 емдеу мекемесінің мамандары қатысты.

Сенбілікте медицина мамандары ұйымдардың айналасында тазалық жұмыстарын жүргізіді. Сенбілік аясында аумақтарды күл-қоқыстан тазартумен қатар, ағаш отырғызу, көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізілді.

Жалпы көктемгі көгалдандыру жұмыстарына 350 қызметкер қатысқан.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 19 мекеме қызметкерлері қаламызды таза ұстау мақсатында сенбілікке шықты.

Шымкент көрікті, таза қала! Көктемгі көгалдандыру, абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстарына басқармаға қарасты мекемелер бір ауыздан, ұйымшылдықпен үнемі аталған қалалық акцияларға қатысып келеді. Тазалық- денсаулық кепілі!

«Құрметті оқырмандар, қадірлі достар! Сіздерді, бүгінгі ынтымақ, бірлік күнімен құттықтаймыз. Қаламыздың тазалығына, көркті болуына сіз де ат салысып, тазалық сенбіліктеріне жиі шығып тұрыңыз. Жасыл қалаға қосқан үлесіңіз болсын. Мереке құтты болсын!»,-дейді басқарма қызметкерлері.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.