Шымкент: Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасудың пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан мәлім етті. ⁣

Шәкір Сұлтанханның айтуынша, пилоттық жобаға Қазақстанда 5 мемлекеттік орган қатысады. Олар – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ақмола және Шымкент қаласының әкімдіктері. ⁣⁣⠀

⁣⁣Аталған жобаға іріктеу 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі «Eqyzmet.gov.kz» порталында жүзеге асады. Жаңа формат азаматтарға әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. ⁣⁣⠀

⁣⁣Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекеттік қызметке кіру ісіндегі артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты тапсырма берген болатын. Осы орайда мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жаңашылдықтар орын алды. Атап айтқанда, жаңа жүйеде⁣⠀тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілерінің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Іріктеу кезеңінде үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе жазу қамтылған, — деді Шәкір Сұлтанхан.

Шәкір Асылханұлы мемлекеттік басқару академиясының түлектері өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтағандар аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.