Шымкент: Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қала басшысы алғаш болып Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Алғаш білім ошағының іргетасы 1989 жылы қаланған. 1060 орындық білім ордасында бүгінде «Ынтымақ Құрылыс» ЖШС құрылыс компаниясы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қала әкімі жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында әріқарай №3 Балалар эстетикалық саз мектебіне барды. Қазіргі таңда мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмысының 30 пайызы аяқталған. Барлық жұмыстарды мердігер жоспарланған кестеге сәйкес жаңа оқу жылына дейін аяқтауы тиіс.

Сонымен қатар, тозығы жеткен №122 жалпы орта мектепке де ат басын бұрды. 2 ауысымда білім беріп отырған 620 орынды аталмыш мектептің кірпіші 1984 жылы қаланған.

Әкім мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанына көз жеткізді. Білім нысандарындағы жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың сапасына аса мән беруді, сондай-ақ жұмыстарды тездетіп жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.